С.Меңдібаев: Мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауы партиялардың белсендігілін арттырады
Мерзімінен бұрын парламент сайлауы партиялардың белсендігілін арттырады. Олардың ең үздігін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Қостанай таңы» газеті бас редакторының орынбасары Сәлім Меңдібаев айтты.
«Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу ұсынысы дәл уақытында жасалды. Өйткені, Елбасы жариялаған Ұлт жоспарында алға қойған мақсатты орындау тетіктері дұрыс берілген. Оны жүзеге асыруға жаңа күш керек. Ол жаңа күш жастардан шығады, қазір Парламенттің құрамына қарап отырсаңыз, мұнда негізінен тәжірибесі бар, халыққа еңбегі сіңген адамдар. Бірақ көбінің жасы ұлғайған. Ал жаңа реформаларды жүзеге асыру үшін жастар керек. «Ақыл – жастан» деп қазақ текке айтпаған. Сондықтан Парламент мәжілісінің мерзімі күзде бітеді деп күтіп отырмай, осы бір-екі айдың ішінде біз Мәжілістің сайлауын өткізуге тиіспіз. Оны халық та күтіп отыр», – дейді Сәлім Тоқмырзаұлы.
«Оның үстіне жергілікті мәслихаттардың да сайлауының уақыты жақындады. Мынандай алма-ғайып заманда Мәжілістің сайлауын өз мерзімінде өткізу бізге көп шығын келтіреді. Қаражатты текке шашамыз. Екі саяси науқанды алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін осындай жаңалыққа баруымыз керек. Бұл біздің партиялардың белсендігілін арттырады. Олардың ең мықтысын таңдауға мүмкіндік береді», – деп Мәдениет қайраткері.
Мақала bnews.kz сайтынан алынды