Көлігі өліміне себепші
Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Оқиға 14 наурыз күні кешке «Қостанай-Сарыкөл» тасжолында болған.
«32 жастағы Алтынсарин ауданының тұрғыны «ВАЗ-2111» автокөлігімен Обаған ауылына шыққан. Көлігі тас жол үстінде өртеніп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, кісі өлімі көмірқышқыл газының әсерінен болған», – дейді полиция департаменті таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Зерттеу жұмыстары жүргізілуде.