Ескі банкноттарды айырбастаңыз
Ұлттық валюта – теңге банкноттарын
қабылдау және айырбастау туралы ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдайды және айырбастайтыны туралы ескертеді. Номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау үшін 2020 жылғы 3 қазанға дейін, ал номиналы 1000 теңге банкнотасы 2021 жылғы 28 ақпанға дейін тегін, комиссия немесе айырбастау үшін ақы алмай қабылданатын болады.
Қазіргі уақытта қолма-қол ақша айналымында жүрген төлем ақша белгілеріне келесі банкноттар мен металды монеталар (соның ішінде естелік және мерейтойлық) жатады:
Банкнот және монета номиналы
|
Банкноттар мен монеталардың шығу жылдары
|
Банкноттар
|
|
200, 500 теңге
|
2006 жылғы үлгідегі
|
500 теңге
|
2017 жылғы үлгідегі
|
1000 теңге
|
2014 жылғы үлгідегі
|
1000 теңге
|
2010 жылғы үлгідегі ҚР Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Ұйымына Төрағалық етуіне арнайы 2010 жылы шығарылған естелік банкнота
|
1000 теңге
|
2011 жылғы үлгідегі ҚР «Ислам Конференциясы» ұйымына Төрағалық етуіне арналған ескерткіш банкнота
|
1000 теңге
|
2013 жылғы үлгідегі «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған ескерткіш банкнота
|
2000 теңге
|
2012 жылғы үлгідегі
|
2000 теңге
|
2011 жылғы үлгідегі, 2011 жылғы Қазақстандағы VII Азия ойындарына арналған ескерткіш банкнота
|
5000 теңге
|
2011 жылғы үлгідегі
|
5000 теңге
|
2008 жылғы үлгідегі, ұлттық валюта – теңгені еңгізудің 15 жылдығына арналған мерейтойлық банкнота
|
10 000 теңге
|
2012 жылғы үлгідегі
|
10 000 теңге
|
2011 жылғы үлгідегі, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ескерткіш монета
|
20 000 теңге
|
2013 жылғы үлгідегі
|
Металлды монета
|
|
1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңге
|
|
20, 50, 100 теңге
|
Мерейтойлық монеталар
|
Ұлттық валютадағы банкноттар мен монеталардың айналымына қатысты барлық сұрақтар бойынша «ҚР Ұлттық Банкі» РММ, Баймағамбетов көш.195 үйі мекенжайы бойынша, қолма-кол ақшамен жұмыс жүргізу және кассалық операциялар бөліміне 8 (7142) 99-09-24, 99-09-25 телефоны бойынша, қабылдау бөліміне 8 (7142) 99-09-10 телефоны бойынша хабарласуға болады. Филиал кассасының жұмыс істеу уақыты сағат 9.00-15.00 аралығы (түскі үзіліс 13.00-14.30 аралығында).