Бағаны негізсіз өсіргілері келген

Ағымдағы жылдың сәуір айында Рудный қаласының тасымалдаушылары қоғамдық көлікте жүру құнын 45-тен 55 теңгеге дейін өсіру туралы өтініш берген. Бұл әуел баста мақұлданған да еді. Дей тұрғанмен, жүру құнын жоғарылату жоспарына тыңғылықты талдау жасалды. Өтінімді қарау барысында жанар-жағар май материалдары, автокөліктер, аккумулятор және қосалқы бөлшектер есебі былтырғы бағаммен пайдаланылғаны мәлім болды. ПроездАл заң бойынша қоғамдық көліктерде жүру құны жанармайдың, автобөлшектердің қымбаттауына, сондай-ақ жол төсемінің нашарлығына қарай өзгертілуі керек. Бұл ҚР транспорт және коммуникациялар Министрлігі бұйрығында тәптіштеліп көрсетілген. Жанар-жағармайдың биылғы бағасы, түрлеріне байланысты, 3-тен 16 теңгеге дейін төмендегені бәріне мәлім.  Оған қоса кеншілер қаласындағы жол сапасы да сынға төтеп берерліктей.  Осыған орай маршрут құнын өсіру негізсіз деген байлам шығарылды. Керісінше, қалалық прокуратура Рудный әкіміне бұзылған заңдылықты түзетуді міндеттеді.
«Мүйіз сұраймын деп, құлақтан қағыла» жаздаған тасымалшылардың көксегені орындалмай, рудныйлық тұрғындардың құқығы мен заңи мүдделері қорғалды.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓