Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың бұйрығымен, осы жылдың 18 қаңтарынан бастап, Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы тағайындалды. Ол инвестиция тарту, экспортты алға бастыру, индустрияландыру және кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.БезымянныйМ.И. Мырзалиев 1980 жылы туған. 2016 жылдың мамыр айында АҚШ-тағы Дьюк университетінің Сэнфорд мектебінде халықаралық мемлекеттік саясат Магистрі дәрежесін иеленді. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқарма Академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің түлегі. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік Университетін "Экономика және басқарма" мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттік Заң Университетін "Заңгер-құқықтанушы" мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласының әкімдігінде бас маман болып бастады. Ол осы мекемеде бөлім басшысы лауазымына дейін көтеріліп, 2008 жылы Премьер-Министр Канцеляриясында бас сарапшы болып тағайындалады. Кейін бизнес-орта және инновация секторының, ҚР Премьер-Министрі Канцеляриясының мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
2015 жылы Вашингтон  қаласында Бүкіләлемдік банкінің Халықаралық қаржы Корпорациясында (ІFC) ауыл шаруашылығындағы бизнесті дамыту командасында  кәсіби тағылымдамадан өткен.
Отбасылық жағдайы: үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓