Бөлім басшысы қамауға алынды

Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Азамат Амановқа қатысты санкцияны қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.ФОТО-СОТ-1 (1)
"Қостанай облысының мамандандырылған тергеу соты Қостанай облысы прокурорының орынбасары Қ.Мамаевпен келісу арқылы, СЖҚКД  тергеу бөлімінің тергеушісі Ж.Өтепқалиевтің өтініші бойынша,  Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекеме басшысына қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына  рұқсат берді",  – делінген облыстық соттың хабарламасында. А. Аманов адамдармен  алдын ала сөз байласу арқылы пара алды деген күдікпен ұсталып отыр.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓