Ескертеміз: пешке абай болыңыз!

пеш"Апат айтып келмейді". Осы бір ел ауызындағы тәмсіл әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Шындығында, апатты қайдан деуге бола ма?
Ауа-райын болжаушылардың қаңтардың екінші жартысы және ақпан айы  ерекше салқын болатынын айтады. Қыстың көзі – қырауда жұрт пеш жақпай тағы отыра алмайды.
Бірақ, тұрғындардың бәрі тиісті өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайды деп кесіп айту қиын. Соның салдарынан қыс айларында өрт оқиғалары жиі қайталанады. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті  халықты "Тілсіз жаудың" арбауынан  сақтандырады.
Қала яки аудан,ауыл тұрғындары мына төмендегідей жағдайда  өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң  сақтауы тиіс:
– металл қақпалы, есіктері, жарықтары бар жарамсыз пештерді пайдалануға; 
– жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, пешті жылытуға (ысытуға);
– пештің үстіне отындарды, киімдер мен жанғыш заттарды кептіруге;
– пештің құрылғысы үшін қарастырылмаған сұйықтықты қолдануға;
– пешті тұтату үшін бензин, керосин, дизельді сұйықтықты және басқа да жанғыш заттарды қолдануға болмайды. Сұйықтықты арнайы орында сақтау қажет.
От жағу барысында ұқыпты болыңыздар! Өздеріңіз бен жақындарыңызды сақтау тек өз қолдарыңызда.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓