Бір күнде екі шекара бұзушы

Қостанайлық шекаршылар бір күнде екі заңсыз әрекеттің жолын кесті. 
«Қайрақ» (автокөліктік) БӨП әскери қызметшілері қызметтік иттің көмегімен ҚР азаматының жеңіл көлігін тексеру кезінде есірткі затын анықтады. Салмағы бес грамм марихуана қағазға оралып, дәрі-дәрмектің арасына жасырылған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қайрақ» (автокөліктік) бақылау-өткізу пунктінде тағы бір азамат ұсталған. 
"Ресей Федерациясына жолға шыққан көлікті тексеру барысында Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған түсті металл анықталды. Аталған тауарлар жүк құжаттарында «автошина жүгі» деп толтырылған. Жалпы салмағы – 60 тонна. Әрқайсы 20 тоннадан болатын үш жүк көлігіне тиелген. Екі жағдай да құзырлы органдардың назарында", – ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓