Сауатыңды сынға сал
Бүгін латыннегізді әліпбиді насихаттау мақсатында жалпыоблыстық диктант өтті. Шараға бір мезетте барлық аудан-қала қатысты.

Диктант "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруға бағытталған осы жылғы шаралар жоспарына сай өткізіліп отыр. Былтыр республикалық ауқымды қамтыған-тын. Осы жолы облыстық деңгейде ұйымдастырылды. Мақсат белгілі – қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру міндетіне сәйкес, оны насихаттау, азаматтардың үйрену, машықтануына түрткі болу. Талап бойынша, жаңа әліпбимен сөз құрау сауатын 15 жастан асқан барлық азамат тексере алады.
Сонымен, Қостанайда жалпыоблыстық диктант үш мекенжайда өтті. Атап айтқанда, "Тілдарын" облыстық тілдерді оқыту орталығы, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті және Қостанай құрылыс колледжі ғимараттарында, ұзын саны, 633 адам бір мезетте емлелік білімдерін тексерді. Ең көп қатысушы "Тілдарын" орталығына тиесілі – 500 адам.






Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев