Бақылау мен бейімдеу
Қостанай ауданы пробация қызметі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп, «Пробация» республикалық алдын алу іс-шарасын жүзеге асыруда. Шара осы жылдың 11-17 наурызы аралығында өтеді.
Іс-шараның мақсаты – шартты түрде сотталған азаматтардың қайтадан құқық бұзушылыққа және қылмысқа баруының алдын алу, іздеу салынған сотталғандарды анықтау. Мұны өткізу үшін пробация қызметі бөлімі инспекторларынан және Қостанай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел топ құрылған. Олар сотталғандарды мекенжайы және сауықтыру орындары бойынша тексереді. Мекенжай, жұмыс және оқу орындары бойынша жүргізілетін тексеру барысында мінездеме материалдары жинақталады. Одан әрі, бақылаудағы бұрынғы қылмыскерлердің әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарын барлық база бойынша тексереді. Бүкіл анықталған заңбұзушылықтар үшін ҚР заңдары бойынша тиісті шаралар қабылданады. Бүгінде пробация қызметінің есебінде 280 шартты түрде сотталған адам тұр. Олардың бәрі тексерістен өтеді.