Жаңа тағайындау
Облыстық балалар ауруханасына жаңа басшы тағайындалды. Ол – Ұлықбек Асылбеков. Бұған дейін бас дәрігер қызметін атқарған Игорь Белобржицкий енді аурухананың хирургиялық бөлімшесін басқарады. Бүгіннен бастап қалалық балалар ауруханасы облыстық балалар ауруханасының құрамына кіреді. Қалалық аурухана ұжымымен кездесуде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник бұрынғы бас дәрігер Қарлығаш Аленоваға мекеменің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Ол енді қаладағы үшінші емхананың басшысы орынбасары қызметіне кіріседі.