“Ұлы дала” әдеби байқауы өтеді

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тарихи сананы жаңғыртудың негізгі басымдықтары көрсетілген. Бүгінде еліміз бойынша осы игі бастамаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл ретте, Елбасының сенімді тірегі ретінде «Нұр Отан» партиясы да белсенді әрекет етіп, нақты істерді қолға алды. Атап айтқанда, партия жас ақын-жазушылар арасында «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізбек, – деп хабарлайды nurotan.kz.байкауБайқау өтетіні жөнінде бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте мәлімдеді. Аталған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарымен бірге белгілі жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдік, публицист, Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов және Қазақстан Жазушылар одағының секретариат мүшесі Несіпбек Айт қатысты.
Алғаш болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасы мақаласының мәні мен маңызына тоқталып өтті. Ол бұл мақаланың ұлт тарихын танудың жаңа кезеңін бастап бергенін және біздің әлемдік өркениет пен жаһандық дамуға қосқан үлесімізді қайтадан зерделеп, дүниежүзіне жаңаша дәріптеуге үндейтінін айтты.
Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы өз мақаласында тарихи сананы жаңғыртудың негізгі басымдықтарын айқындап бергенін және оларды жүзеге асыруға «Нұр Отан» партиясының да белсенді қатысатынына назар аударып, «Ұлы дала» шығармашылық байқауының басталғанын жариялады.
"Осы ретте бұл жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар және қоғам белсенділерімен бірге еліміздің зиялы қауым мен шығармашылық сала өкілдерінің де белсене қатысқаны абзал. Әсіресе, проза, поэзия, драматургия мен көркем және деректі фильмдердің маңызы зор. Осыны ескеріп, біз аталған байқау арқылы қоғамымыздың рухани жаңғыруына әсер ететін еңбектер мен тарихымыздағы ұлы тұлғалардың өнегелі өмірін насихаттайтын шығармалардың жазылуына өз үлесімізді қосуды көздеп отырмыз", – деп жазды МӘшімбаев фейсбуктағы жеке парақшасында.
Оның айтуынша, байқау жеңімпаздары «Проза», «Поэзия», «Драматургия, көркем фильмдер мен телесериал сценариі», «Публицистика» және «Балаларға арналған шығарма» сияқты бес аталым бойынша анықталады. Әр аталымда үш орын белгіленген. Нәтижесінде жеңімпаздарға 1,5 млн, 2-орын иегерлеріне 750 мың, ал 3-орын алған қатысушыларға 500 мың теңгеден беріледі. Сондықтан бұл байқауды жас қаламгерлерге беріліп отырған зор мүмкіндік деп те қабылдауға болады.
"Алдағы уақытта жазуды серік еткен жастарымыз осы байқау арқылы Елбасының мақаласында айтылған басымдықтардың мәні мен маңызын дәріптеуге және оларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосады деп сенеміз. Сондықтан барша жас шығармашыл қауымды байқауға белсене қатысуға шақырамыз", – деп толықтырды ол.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓