Мереке қарсаңында марапатталды


Аталмыш іс-шараға облыс аумағындағы жақсы мен жайсаң жиналды. Мемлекеттік қызметшілерден бастап әртүрлі саланың мамандары бар. Салтанатты жиналыстың ресми бөлімінде Қостанай облысы әкімінің орынбасарлары М.Дәрібаев пен Б.Жақыпов баяндама жасады.
Сондай-ақ жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылды.

-Халқымыз үшін Тәуелсіздік ұғымының тарихи мәні зор. Бұл-егемен еліміздің ең басты мейрамы. Ата-бабамыз кең байтақ жерімізді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалды. Бүгінде Қазақ елі Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатау арасын еркін жайлап, бейбіт күн кешуде,-деген облыс әкімінің орынбасары М.Дәрібаев астықты аймақтың соңғы жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін қысқаша баяндады.

Тәуелсіздік алған 23 жылдың ішінде Қостанай облысы еліміздің дамуына үлес қосуда. Тобыл өңірі республикада алдыңғы саптағы аграрлы аймақ болып саналады. Биылғы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан облыс диқандары 4,5 млн.тоннадан астам дән бастырды. Қостанайдағы машина құрастыру зауыты Nomad, Ssang Yong автокөліктерін құрастырып, ішкі нарықты қамтамасыз етуде.


Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков