Баланы талаған – түз тағысы

5 наурызда Арқалық қаласына қарасты Ашутасты елді мекенінде екі адамды қасқыр талаған. Бұған дейін Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы 12 жасар баланы қасқырға ұқсайтын ит талағанын хабарлаған еді. Ал облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері бұл оқиғаға қатысты басқа тұжырым айтады.

1
– Зерттеу барысында Ашутасты ауылының 2007 және 1992 жылы туған тұрғындарын қасқыр талағаны белгілі болды. Тиісінше, оларға «Таланған балтыр жарасы» және «Таланған қол жарасы» диагноздары қойылды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Жәбірленушілерді антирабикалық иммундау шаралары жүргізіледі. Қазіргі уақытта бала Арқалық өңірлік ауруханасында стационарлық емделуге жатқызылды. Ал ересек адам амбулаторлық емделу шараларын алып жатыр. Профилактикалық иммундау курсын тағайындау үшін құтырған жануарлармен байланыста болған адамдардың шеңбері анықталды, – дейді облыстық денсаулық сақтау департаментінің карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Людмила Налобина.
Жануардан алынған патологиялық материал іріктеліп, ҚР АШМ ВБжҚК республикалық ветеринариялық зертханасына жіберілді. Қасқыр құтыру вирусын жұқтыруы мүмкін. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Ашутасты ауылында эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеру жұмыстарын жүргізеді. 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓