Меморандумға қол қойды
Қостанай облысының әйелдері күштерінің Альянсы мен нәзік жандылар арасындағы ҮЕҰ ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл келісімнің мақсаты әйелдер ұйымдарының жұмысын жандандыру және гендерлік теңдік пен отбасылықдемографиялық саясатты дамыту.
Ісшара аясында «Достық» Лисаков гендерлік орталығы» ҚБ, «Jaigeco»ҮЕҰ, «Лига счастливых женщин» ҚБ, «Ожерелье зеленых практик» ҚБмен меморандум бекітілді. Басқосуға Қостанай облысының әйелдері күштерінің Альянсының төрайымы Римма Бектұрғанова және үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысып, сөз сөйледі.
Альянстың 20212023 жылдарға арналған жол картасы бекітілген. Сол жол картасы бойынша аймақтағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында көшбасшы қыздар клубтарын құрып жатырмыз. Мен сол бағыт бойынша жұмыс істеймін. Бүгінгі бойжеткен ертеңгі ана. Қазақ халқы «Қызды тәрбиелеу ұлтты тәрбиелеу» деп бекер айтпаған. Қыздарымыздың тәрбиесінде ұлтымыздың тағдыры жатыр. Олар болашақта ана болып, бірбір үйдің шырағын жағады. Қыздарымыз әр үйдің алтын діңгегі болса, өзінің айтатын ойпікірі бар, қоғамның белсенді мүшесі атанса, оқыған мамандығы бойынша еңбек етіп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосса жақсы емес пе. Біз қыздарымыздың сол мақсатқа жетулеріне атсалысқымыз келеді. Қыз тәрбиесі тек қана атаананың міндеті емес. Ұстаздардың, қоғамның, зиялы қауымның да абыройлы парызы болуы тиіс. Қыз тәрбиесі, гендерлік саясат туралы айтқан кезде «Қызға қырық үйден тыю» дейміз де, ұлдарды еркіндікке жібереміз. Менің ойымша, ұл мен қыздың тәрбиесін қатар алып жүру керек,деді «Еуразиялық банк» АҚ Қостанай филиалының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, әйелдер күштері Альянсының үйлестіру кеңесінің мүшесі Қырмызы Жаңбыршина.
Қазақтан әйелдері күштерінің Альянсы 2019 жылдың қыркүйек айынан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңдағы ең үлкен қоғамдық ұйымдардың бірі. Республика бойынша 140 үкіметтік емес ұйымды біріктіріп отыр. Альянс жұмысының негізгі мақсаты әйелдердің қоғамдағы статусын көтеру, тұрмыстағы зорлықзомбылықпен күресу және нәзік жандылардың қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуларына үлес қосу.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ