Аяулы аналарға арналады
Достық Үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері Халықаралық әйелдер күнін атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының қыз-келіншектеріне арнап, қаламызға танымал эстрада әртістері мен кішкентай өнерпаздар ән шырқап, би биледі. Достық Үйінің фойесіне әйел портреттерінің көрмесі де қойылған.

Мереке иелерін құттықтауға этномәдени бірлестіктердің төрағалары да келді. Олар жылы лебіз-тілектерін айтты.

– Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқайсыңызға мықты денсаулық, отбасылық құт-береке және әйел бақытын тілейміз. Жанұяларыңызда тыныштық пен жылулық болсын, еңбекте және балалар тәрбиесінде табысқа жетіңіздер! Әр күндеріңіз өздеріңіздің айналаңыздағы адамдардың сүйіспеншілігі мен қамқорлығына толы болсын, – деді қазақ этномәдени бірлестігінің төрағасы Қалқаман Жақып.



Әсел Қибаш