Ақ халаттылар алғысқа бөленді
Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов "Мирас" мәдениет үйінде дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
-Осынау ғажап мамандық әрқашан, әр қоғамда зор құрметке, сұранысқа ие. Сіздердің күн-түні адам өмірі үшін күресіп, ұлт денсаулығына қосқан үлестеріңіз орасан. Сіздер күнде ерлік жасайсыздар. Бұның бәрі асқан жауапкершілік пен біліктіліктің жемісі,-деді өңір басшысы.


Бұдан соң А.Мұхамбетов сала ардагерлеріне медаль тағып, алғыс хат табыстады. Облыстық филармония өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.

Суреттерді түсірген Сергей Миронов