Өңір өнерпаздары

Сарыкөл ауданында"Туған жерім – тың өлкем" фестивалінің қорытынды концерті өтті.
 
 
байқау (1)
Көркемөнерпаздар шығармашылығының концертіне аудан әкімі Эльдар Күзенбаев, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның директоры А.Евсюков, облыстық филармонияның аспапшы-солисті Т.Молдағалиев, облыстық халық көркемөнерпаздар шығармашылығы орталығы директорының орынбасары С.Обухова, "Ен нари" хореографиялық ансамблінің жетекшісі Ю.Ли, облыстық Достық үйі директорының орынбасары Т.Менделенко қатысты. Биылғы шығармашылық бай-қау тыңның 60 жылдығына арналды. Салтанат Өтенова мен Зинаида Кенган жетекшілік ететін аудандық мәдениет үйінің бишілері мен "Арабика", "Гүлдер-ай" тобының биі, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің орындауындағы хор көптің көңілінен шықты. Ауданымыздың танымал әнші, биші, күйшілері фестиваль көркін қыздыра түсті. Араб биін билеген Диана Дүтпай көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. "Манхеттен" көңілді тапқырлар командасы астарлы әзіл айтып, көрермендерге күлкі сыйлады. Өңір өнерпаздарының шығармашылық байқауы "Егемен Қазақстан" әнімен аяқталды. Фестиваль соңында ауданымызға қарасты ауылдар арасында өткен байқаудың нәтижесі жарияланды. Жеңімпаздарды аудандық мәдениет және тілдер-ді дамыту бөлімінің басшысы Әлия Бекмағамбетова марапаттады. Қорытынды бойынша, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі 1 орын, Қараоба клубы 2 орын, Веселый подол мектебі 3 орынды иеленді.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓