4 мың тұрғын қауіп алдында
Қостанай облысының 39 елді мекені су басу қаупі бар аумақтарға кіріп отыр. Оларда жалпы саны төрт мың адам тұрады. Бұл туралы alau.kz тілшісі жазады. Таяу арада су айдындарында жарылыс жұмыстары жүргізелмек. Азаматтық қорғау қызметі жасақталулы, қауіпсіздік пунктері әзірленуде. Облыстың оңтүстік аудандарында қызыл су деңгейі наурыздың үшінші онкүндігінде көтеріледі деп күтілуде. Ал теріскей аймақтарда су тасқыны сәуір айында қарқын алуы ықтимал.
Биыл тасқынға қарсы шараларға 442 млн теңге бөлінген. Облыстық ТЖД басшылығының мәліметінше, өңір сақтыққа сақадай сай. Инертті материалдардан бастап, су ағызу техникаларына дейін дайын. Күш те, мүліктік, қаржылық мүмкіндік те биыл жеткілікті екенін айтып отыр ведомство басшысы Талғат Кәкімов.
Иллюстрациялық сурет