Шылымды алмаға алмастыр

Рудный қаласы полиция басқармасының қоғамдық көмекшілері жастар ресурстық орталығымен бірлесіп "Никотин емес, витамин" акциясын өткізді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.никотин на витаминВолонтерлер бір тал темекіні бір алмамен алмастырды. Пайдалы шараның бастамашысы – Рудный полиция басқармасының басшысы Әлім Бәжікбаев.
"Алма өкпе ауруларының өршуіне қарсы күресе алатын шипаға ие. Ғалымдар апта ішінде екі алманың өзі көмектесетінін дәлелдеді. Әсіресе, бұл жемістің көк түстісі шылымқорлардың зиянды әдеттен арылуына көмектеседі. Акцияға кездейсоқ жүзбе-жүз жолыққан 30 шақты адам қатысушы атанды. Әрине, әркім әрекетімізді әртүрлі қабылдады. Әлдебіреуі бір алма үшін бір тал темекіден бас тартуға қарсылық білдірген жоқ, ал енді бірі шылымнан тұтас қорабымен бас тартты", – дейді қоғамдық көмекші Мария Зюванова.
Статистикаға сенсек, Қазақстанда жыл сайын 25 мың адам темекі кесірінен көз жұмады екен. Табак өнімдерін тұтыну – онкологиялық көптеген аурудың басты себепшісі. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓