Үміт отын жандырды
Айбатыр Ахметбеков,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі, Таран аудандық мәслихаттың депутаты.
Таран аудандық «Шамшырақ-Маяк» газетінің бас редакторы:

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, табысы пен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Жолдауы халықтың үміт отын үрлеп өтті деуге болады.
Мемлекет басшысы ең аз жалақы мөлшерін 28 мыңнан 42 мыңға ұлғайтуды тапсыруы, яғни ең аз жалақы мөлшері 28 мыңнан 42 мыңға өсіру адамды бір серпілтіп тастады. «Бұл әр қазақстандық үшін үлкен көмек болады. Бұл түрлі салада жұмыс істейтін, барлық меншік формасындағы кәсіпорындарда еңбек ететін 1 миллион 300 мың адамның жалақысын тікелей өсіреді. Сондай-ақ, 275 мың бюджеттік ұйым қызметкерлерінің еңбекақысы өседі. Олардың жалақысы орташа алғанда 35 пайызға көтеріледі. Бюджеттік дегенеміз – олар ұстаздар, дәрігерлер, құқық қорғау органдары, қорғаныс қызметкерлері және тағы басқа. Бұл мақсатқа 2019-2020 жылдарға жыл сайын 96 млрд теңгеден бөлу керек»,- деді Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Елбасы Жолдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 5 жылға созуға тапсырды. «2010 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыраға бастағанбыз. Өңірлерге сапарым барысында аталған бағдарламаның тиімді екеніне көзім жетті. Оны 2025 жылға дейін созу керек. Бағдараламаны жүзеге асыруға қосымша жылына 30 млрд теңге бөлу қажет», деді Елбасы. Бұл дегеніңіз халықты өз-өзін жұмыспен қамтауға жұмылдыру, қарапайым ауыл тұрғынын бизнеске шақыру деген сөз.
Қоғамда өз мәртебесін ала алмай келе жатқан ұстаздар қауымы да Жолдаудантысқара қалмады. Елбасы: "Келесі жылы «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заң қабылдансын", – деп тапсырды.
Иа. бүгін әрбір қазақстандық үшін тарихи оқиға деп ойлаймын. Елбасы айтқан барлық бастама адами ресурсқа, қоғамға, азаматтардың әл-ауқатына бағытталған. Елбасы Жолдауында айтылған әрбір тармақ – егемен Қазақстанның қарқынды дамуына бағытталған тарихи іргетас. Біз Елбасы сенімін ақтап, осы бағытта жұмыла жұмыс істеуіміз қажет".