Президентке сенім артып келеді

ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа халықтың сенімі күн санап артып келеді. Бұл жөніде Qalam қоры тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, зерттеу жасап көрген екен.  
Сауалнама қорытындысы өткен күзден бері бұл көрсеткіштің төрт пайызға өскенін көрсетті. Дәлірек айтқанда, халықтың 63 пайызы Қасым-Жомарт Кемелұлының саясатын қолдайды. Қалыс қалғандарды есептемегенде, нақты сенімсіздік танытқандардың қатары 8 пайызды ғана құрап отыр.
Бұл  пікірге  ұлттық бөлініс тұрғысынан қарайтын болсақ, сенім білдіргендердің 75 пайызы өзіміздің қаракөз қандастарымыз. 18 пайызы – орыстар, 7 пайызы еліміздегі басқа да ұлт өкілдері екен. Сәл ертеректе бұл көрсеткіш 65/24/11 пайыз болатын.
Осы бағыттағы гендрлік сараптамадан 31 пайыз ерлердің, 24 пайыз әйелдердің мемлекет басшысына сенім білдіргендігін байқауға болады. Ауылдық жердегі тұрғындар арасынан Президентке сенімсіздік көзқараста болған ерлердің саны 19 пайыздан 15 пайызға қысқарыпты. Бұл жердегі әйедердің үлес салмағы – 22 пайыз.
Президетті қолдайтындардың 57 пайызы орыс тілінде сөйлесе, 10 пайыздан артығы, яғни 68 пайызы – қазақ тілінде өз ойларын анық жеткізіп, жаза алатындар.
Қ.Тоқаевтың саясатына үмітпен қарайтындардың басым көпшілігі Ақмола (97%), Ұлытау (91 %), ШҚО (88%), БҚО (83%) облыстарының тұрғындары екен.  Ең төменгі көрсеткіш Шымкент қаласының тұрғындарына тиесілі.
Біздің облыс тұрғындарының сараптамасы бейтарап көрсеткішті көрсетіп тұр. Демек, қалыс қалған болу керек.
 
А.Ғалымұлы.
Дереккөз: exclusive.kz

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓