“Дәні кетіп, кебегі қалды…”
Фейсбуктегі "Қазақстан ұстаздары" тобында тағы іркіс-тартыс. Мұнда Мейіржан Темірбек есімді тұтынушы "Қазақстан" ұлттық арнасына шыққан бір мәселе туралы екі түрлі жаңалықты біріктіріп жариялаған. Әуелгісінде мұғалімдер зейнетке ерте шығарылып, оларға қосымша үстемақылар төленетіні туралы айтылады. Ал таяуда шыққан екінші жаңалықта мұның бірі де болмайтыны ашық жария етілген (БЕЙНЕБАЯНДЫ қарап шығыңыз). Көңілдері су сепкендей басылған мұғалімдер сан алуан пікір қалдыруда. Солардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынайық:
Гульмира Сужикова Мұғалім мәртебесінде сонда баска не калды?
Кази Абдиев: Дәні кетіп, кебегі қалыпты…
Алтын Сержан: Жұмысқа келгенде басымызды катырып неше түрлі бағдарламаны енгизип жатыр гой. Ақша қосып жақсылық жасамаса, онда енгізілген артық бағдарламаларды да Сағадиев мырза өзімен алып кетсін. НИШ-тің жүйесін барлық мектепке апарып койды. Одан шығып жаткан сапа жок! Мұғалімдердің миы 10 есе ашып бітті…
Куралай Заканова: Сонда өзі не өзгерді? Біздің елде бір нәрсе өзгерту деген қиямет-қайым болды ғой.
Аманкелді Иманғазы: Енді мұғəлімдер туралы заң қабылданбай қалса да көңілім баяғыдай. Ештеңе өзгермейтін болды. Бұндай мемлекеттен не күтуге болады? Зарплатаны көтерсе екен ең болмаса. Неміс овчаркісі құрлы құнымыз болмады-ау, өкінішті, өте өкінішті!
Гульжан Амирханова: Өздері жұртқа жария қылып бірдеңе бастайды, артынан жоқ қылады. Негізі, болдыра алмайтын нəрсені айтпаулары керек қой.
Гульфира Спанова: Дал биліктегілерге қатысты заң жобасы болса қабылданар еді ғой, басқаша жолы да болмады ма екен? 60 жаста мұғалім болып елге мазақ боламыз десеңіздерші.
Данара Ахметбаева: Білгем ештеңе өзгермейтінін. Үкіметке рахмет! Армандауға болмай ма? Бір армандап алдық))).
Aska Akta: Мұғалім мәртебесін аналар дауы басып, аналар дауын үкіметтің сапсымасы сапсып, араластырып, быт-шыт болып, басы таудай, аяғы қылдай болды… "Мүйіз сұрап жүріп, құлақтан айырылыпты" болар ма екеміз?
Шамур Тулеушов: Мұғалімдерден кəсіподақ ұйымы үкіметке талап қоялмайды жəне қорғамайды, шетелдегі кəсподақ үкіметке талаптарын орындата алады, сондай кəсподақ керек, өкінішке қарай ондай бізде жоқ.
Исатай Жаксыгалиев: Тек осы ұстаздардың әлеуметтік проблемаларына ғана келгенде қу уәде, артынша бәрін жып-жылы жаба салады екен, неге дамыған елдердің практикасына сүйенбейді?
Азамат Сагимбаевич: Не, мұғалімдер, теріс қаратып құйрықтарыңнан бір тепті ме, "армандапсыңдар" деп?)))
Айтпақшы, ауылдық жерлердегі көп жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдер жалақыларына осы жылы уәде етілген үстеме қосылмағандарын айтып хабарласты. Үстемеге жұмысқа күні кеше кірген жас мамандар ғана қарық болыпты. Өйткені олар толықтай жаңартылған бағдарламамен сабақ береді екен. "Сонда, тәжірибесі көл-көсір орта жастағы ұстаздар баланы оқытпай, ай қарап, жұлдыз санап жүр деп ойлай ма? – дейді атын айтпаған апай. – 30 жылдық өтілмен зейнетке шығамыз ба деп қуанып едік, қап. 63-ке дейін "бор шайнап, қағаз кеміретін" болдық енді…" .
Е-е, қайран тайқы маңдай мұғалімдер-ай!…