Бейімбеттің ескерткіші елеусіз қалды ма?
Қазақ зиялыларының ұлт үшін көрген қорлығы аз емес, ағайын. Бұны қайталап жатудың еш қажеті жоқ. "Рухани жаңғыру" деп, "Алаштың 100 жылдығы" деп, тағы да басқа ұрандармен ардақты азаматтарымыз жайлы айтып, жазып та жүрміз ғой. Бірақ, бәрінен бос сөз басым. Атқарылған іс аз. Оның айқын бір дәлелін өзім тұратын Қостанай қаласынан көрдім.
Алаштың ардақтысы, классик жазушы Бейімбет Майлиннің Қостанайдағы ескерткіші кісі шошырлық жағдайда, әбден тозығы жеткен. Еңселі ескерткіштің кірпішітері ажырағасын біреулердің "осы да жетер" дегендей, әр жерден әлем-жәлем қып балшықпен жамап қойғаны жанға батты. Қатты дауыл болса, кірпіштері берімен құлағалы тұр. Бір айтарым, бұл ескерткіш Қостанайдың қақпасында, темір жол вокзалының алдында орналасқан. Келген қонақтарды әуелі Би-ағаң "қарсы алады".






Кенже Қонысбай