Мамандықтар жәрмеңкесі
Бір-екі айдан кейін мектеп түлектері мамандық пен оқу орнын таңдап, жаңа өмірге қадам басады. Сондықтан бұл маңызды іске бүгіннен бастап қамданған абзал.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы азамат» бағытын жүзеге асыру аясында Таран аудандық Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде білім бөлімінің ұйымдастыруымен мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Қостанай облысының алдыңғы қатарлы ЖОО мен колледждері және де ауданның барлық мектептерінен 200-ге тарта 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Алдымен мәжіліс залында қабылдау комиссиясының өкілдері өз білім ордаларының мамандықтары мен студенттерге көрсетілетін жеңілдіктері жайлы таныстырылымдарын ұсынды. Одан кейін жәрмеңке фойеге ығысты. Онда түлектер оқу орындары жайлы толығырақ ақпарат алып, көкейіндегі сұрақтарына жауап тапты.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ,
Таран ауданы