Орақ науқаны өрт оқиғасынсыз өтсін

Өнім егіп, оны күту – шаруалар үшін өте жауапты іс, өте ауыр еңбек деуге де болады. Әсіресе қысқа мерзім, климаттық жағдайлар, техника мен тұқымның сапасы әсер еткенде, халық арасында «бір күн – жыл бойына азығың» деп бекер айтпайды. Міне, Қостанай облысында да 4073 шаруа қожалығымен 4669,2 га егістік ауданына дәнді-дақылдар себілді, астық жинауға 24892 бірлік техника әзірленді.орт1
Еңбек, күштер мен материалдық құралдар бекер шығын болмас үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерге кезекті рет өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы еске салып, көптен-көп өтініп сұрағымыз келеді: астық жинау науқаны алдында комбайншылармен, механизаторлармен және жүгізушілермен егістік, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу мен сақтау орындарында өртке қарсы нұсқаулық жүргізу қажет; өрт туған жағдайда ерікті өрт сөндіру құрылымдарын құлақтандыру сызбасын әзірлеу; орман және дала алқаптарына іргелес автокөлік, теміржол және елді мекендердің бойында уақытылы жырту жұмыстарын жүргізу керек, ені 4 метрден кем болмауы қажет; өрт сөндіруге жұмылдырылатын өртке қарсы автокөліктің (өрт сөндіру көліктерін, су таратқыштарды, күрегі бар тракторларды) және басқа да автокөліктердің істе болуына тексеру жүргізу; ауылшаруашылық техникаларының алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіштермен) істік күректер, текеметтер және сыпырғыштармен жабдықталуын тексеру.
орт
Астықты жинау учаскілері алаңы 50 гектардан аса бидай алқаптарын жинаудан басталады. Учаскелер арасында ені 8 метрден кем емес шабулар жүргізіледі. Шабылған бидай тез арада жиналады. Ору ортасында ені 4 метрден кем емес жерді жыртулар жүргізіледі.
Астық тоқтары ғимараттар мен құрылыстар 50 метрден жақын емес жерде орналасқан, ал бидай алқаптары – 100 метр.
Орылып жатқан 25 га астам бидай алқаптары маңында өрт болған жағдайда жанған алаңды жырту үшін күрегі бар трактор орналастырылады.
орт2
Дала жағдайларында мұнай өнімдерін сақтау мен оны құю арнайы алаңдарда, құрғақ шөптен тазаланған жерлерде, тоқтан, үйілген шөп пен сабаннан, бидай алқаптарынан 100 метр қашықтықта және де құрылыстардан 50 метр қашықтантан кем емес жерде жүзеге асырылады.
Алқапқа ұшқын өшіргішімен жабдықталмаған автокөліктің шығуына, сонымен бірге бидай алқаптарында астық жинайтын техникаларды жанар-жағар май материалдарымен толтыру, радиаторлар қозғалтқыштары, трактор, өздігінен жүретін шанақтар немесе қақпасы жоқ әрі ашық қақпамен тракторлардың жұмысында шаңды жағу үшін күйдіргіш лампаларды қолдануға қатаң ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Қостанайлықтар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қадағалаңыздар, бидай біздің байлығымыз екенін есте сақтаңыздар!
 
Қостанай облысының ТЖД бастығы
азаматтық қорғау полковнигі Т. Кәкімов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓