Әлемдік жарыстан жүлдемен оралды
Біріккен Араб әмірлігінің Шардж қаласында үстел теннисінен бүкіләлемдік IWAS 2019 ойындары өтті. Жарысқа қатысушылар әлемнің 34 мемлекетінен әр түрлі спорт түрінен сынға түскен. ҚР құрамасының сапында біздің облыстан екі спортшы өнер көрсетті. Рүстем Валитов (үстел теннисінен спорт шебері) 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алса, Дүйсенғали Оспанов (спорт шеберлігіне үміткер) 1 күміс медальға ие болды. Олар Сергей Родичкин жаттықтырады.


Әсел Қибаш