Аймақ басшысы Арқалыққа барды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісндегі жеке парақшасында жазды.Архимед Бегежанұлы алдымен Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру барысын тексерді. Бұған дейін хабарланғандай, келесі жылыту маусымынан бастап қаланың жылу-энергетика орталығы қатты отынға көшеді. Осылайша орталықтың экономикалық тиімділігі 105 Гкал-ға артпақ."Арқалық тұрғындарының туған қаласын дамытуға бағытталған бастамаларын жеке атап өткім келеді. Осылайша, ТБТҚ бұрынғы қызметкері В.Б. Суровцев ТБТҚ-ның бұрынғы өндірістік алаңдары базасында құрған «ARQALYQREMSERVIC» ЖШС-нің жаңа кәсіпорнына бардым. «ARQALYQREMSERVIC» ЖШС негізгі бағыты экскаваторларға, жүк теміржол вагондарына және ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектерді дайындау, жөндеу және қалпына келтіру болып табылады. Қазіргі уақытта кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді, оның базасында 59 адам жұмыспен қамтамасыз етілген, тағы 27 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда", – деп жазады облыс әкімі.Ол ТБТҚ өнеркәсіптік аймағын аралауды жалғастыра отырып, қосалқы көлік пен жүк көтергіш жабдықтарды, сондай-ақ жөндеу-энергетикалық жабдықтарды пайдалану учаскелерінің қызметімен танысып шыққан.Мұнан соң облыс әкімі Арқалық қаласының сайлау учаскелеріне барып, онда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың алдағы сайлауына дайындық барысын қадағалады. Учаскелердің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігін тексерді. Сайлау күні дауыс берушілердің эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Кәсіпорынның басшылығына және барлық қызметкерлеріне инвестициялық жобаның қызметін қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыс үшін алғысымды білдіргім келеді және алдағы уақытта сіздерге табыстар мен мақсаттарға қол жеткізуді тілеймін", – деді облыс әкімі.