15 млн теңгеге сыйлық жасады

Қарасу ауданындағы "Железнодорожный" ЖШС директоры Максим Артемук Октябрь селолық ауруханасына жоғары сапалы ультрадыбыстық зерттеу аппаратын сатып алып берді. Жергілікті клиника бұл құрылғыға мұқтаж болып келген еді.узи
Меценат бұл үшін 15 млн теңге шығындаған. Енді октябрьліктерге қажетті тексеруден өту үшін Қостанай қаласына сабылудың қажеті жоқ. Бұл бастама "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және ауданның 80 жылдығына орай іске асыпты. 
Серіктестік 2009 жылдан бері туған ауылдағы екі қабатты үйлердің 24 пәтерін қалпына келтіріп, тұрғындар игілігіне берген. 2002 жылдан бері Железнодорожный орта мектебінің озаттары осы ЖШС есебінен шәкіртақы алып отырады. 2017 жылы Октябрь ауылдық ауруханасының жөндеу жұмыстарына 6 млн 316 мың теңге бөлген еді.
Бұл ЖШС ауылдағы азық-түлік, тұрмыстық қызмет бағасының тұрақты болуын қадағалап отыр. Айталық, дүкендерде нан құны – 55 теңге, қоғамдық моншаға түсу – 80 теңге. Мұның сыртында, осы серіктестік ықпалымен Октябрьде 12 пәтерлі тұрғын үй салынды. Октябрь кәсіби-техникалық училищесінің оқу корпусын жөндеуге 135 млн теңге шығындады.
"Көркейе бер, Қостанай!" кіші бағдарламасы шеңберінде Қарасуда 9 тұрғын үйдің іргесі көтерілгенде де "Железнодорожное-АМФ" ЖШС сырт қалған жоқ. 8 млн теңге болатын бір үйдің құрылысын өз мойнына алды.
Максим Федорович 2018 жылдың 6 желтоқсанында "Жомарт Жүрек" сыйлығын "Жыл меценаты" аталымы бойынша иеленді. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓