Нөлден бастап…
ҚР Білім және ғылым минстрлігінің өкілдері нөлінші сыныпты енгізуге қатысты жоспарды айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мақсатымыз – балаларды бірінші сыныпқа бірегей бағдарлама бойынша дайындау, оның ішінде оқу бағдарламасына (әліппе, сандар) мектепке дейінгі дайындық бағдарламасына енгізу. Нөлінші сыныпқа бірыңғай оқулықтар енгізіледі. Олардың оқытушыларын бастауыш сынып оқытушыларының дәрежесіне жеткізу керек", – деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.
Нөлінші сыныпқа бірыңғай бағдарлама мен оқулықтар енгізу 2020 жылдың қыркүйек айына жоспарланып жатыр.
"Нөлінші сыныпты қазірге кезде балабақшада арнайы даярлайтын топтар арқылы да оқытады. Егер мектептер өз ғимаратында нөлінші сынып аша алатындай мүмкіндік болса, оларды ашуға толық құқық бар. Балабақшада нөлінші сынып енгізуге ешкім тыйым салған жоқ. Сондықтан 2020 жылы нөлінші сыныптар еліміздің барлық балабақша мен мектебінде ашылады", – деді ҚР Білім және ғылым минстрлігінің өкілдері.
Қазіргі білім туралы заңында алты жастағы баланы бірінші сыныпқа баруы керектігі туралы норма бар. Министрлік өкілдерінің мәліметінше, бұл норма өзгереді.
"2019 жылы былтырғыдай 1 қыркүйекте алты жасқа толған балаларға мектепке баруға болады. Ал 1 қыркүйекте алты жасқа толмаған балаларды ата-аналардың қалауы бойынша мектепке немесе балабақшаға жібере алады. 7 жасар балалар да бірінші сыныпқа қабылданады. Бірақ егер де балалар мектеп алдындағы дайындықты балабақшада өтіп қойса, онда олар бағдарламаны қайтадан өтіп жатпауы үшін мектепке баруы керек", – деді ведомство өкілдері.