Тілсіз жау құрбаны – 2 адам
"Өткен демалыс күндері облыста екі оқыс оқиға болды", – деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. 16 ақпанда Федоров ауылында екі пәтерлі жеке тұрғын үйде өрт болған. Шатыры, қабырғалары, едендерін жалын шарпып, жалпы ауданы 40 шаршы метрге жетті. Өртпен күрес бір сағатқа жуық уақытқа созылды. Оқиға орнынан 46 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұмның сол күні удай мас болғаны анықталып отыр. Ал өрттің шығу себептері тексерілуде.
Осыған ұқсас оқыс жайт 17 ақпанда Затобол кентінде жеке кәсіпорын аумағындағы вагонда болған. Бұл – 25 шаршы метрлік күзет нысаны еді. Өртті сөндіру кезінде 62 жастағы күзетшінің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға шылым шегу кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін.