Сергей қалай жұмысқа тұрды?

IMG_9237Қостанай ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020" мемлекеттік бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмысқа тұруға мүмкіндік беріп, болашаққа сенімділігін арттыруда. Сергей Алексеев осы бағдарламаның бірінші бағытының қатысушысы атанып, бірнеше айдан бері тұрақты жұмыс орнында мамандығы бойынша жұмыс істеуде.
Қостанай ауылшаруашылығы колледжінің есепші-экономист мамандығын аяқтаған үшінші топтағы мүгедек Сергей Алексеев жұмыс таба алмай жүрген еді. Ақпан айында Қостанай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өткен бос жұмыс орыны жәрмеңкесіне жұмыс іздеп барады. Бағдарламаға қызығушылық танытқан ол алғашқы бағыттың қатысушысы атанып, "Мақ-сұтов" шаруа қожалығына есепшілік қызметін атқаруға жіберілді. Жұмыс уақыты кезінде өзін жоғары білікті және жауапты маман ре-тінде көрсетіп, бухгалтер болып тұрақты қызметке орналасты. Қазір ол ел қатарлы еңбек етіп, ұжымға сіңісіп кетті. 
– Егер "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы болмағанда, мұндай ұжымды, осындай әріптестерді кездестіруім  екіталай еді. Бұрын мүгедектер өзін басқадан төмен сезінетін. Біздің Президент пен Үкімет ел азаматтарына тамаша мүмкіндіктер беріп отыр. Енді міне, айналамда жақсы адамдар – менің ұжымым бар. Мұнда маған қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қарайды, – дейді ол.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓