94 жасында кісі өлтірді
Бүгін облыстық қылмыстық сотта ҰОС ардагері, 94 жастағы затоболдық Иван Сурковқа үкім кесілді. Қарт 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол мәжбүрлі түрде психиатрдан ем қабылдауы тиіс. Айыпталушы болса сот шешімімен келіспейді.
Қайғылы оқиға 2018 жылы 21 тамызда болған. И.Сурков өз балдызы, 80 жастағы Николай Давыдовқа гантельмен және пышақпен соққы жасаған. Жәбірленуші сол жерде тіл тартпай кетеді.
Сотта айтылғандай, қылмыскер ардагер соғыс жылдарында үш рет басынан зақым алған. 2016 жылы оның үйіне қарақшылық шабуыл жасалыпты. Осы деректердің бәрі, сот мәліметінше, айыпталушының психикасына кері әсерін тигізген.