Моральдық шығын – 30 млн. теңге
Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылының тұрғыны Қостанай облысының Ішкі істер департаментінен сот арқылы 30 млн. теңге моральдық шығын өндіруге шағымданды.
Қостанай қалалық сотының қарауына түскен шағымда 53 жастағы азамат А. жауапкер "ҚР ІІМ Қостанай облыстық ісшкі істер департаменті" ММ-нен моральдық шығынды өндіруді сұраған.
Өз шағымын азамат келесі жайтпен негіздейді. 2014 жылдың тамыз айының соңында Құсмұрын ауылында оны полиция қызметкерлері ұстап ауылдық полиция бөліміне жеткізген. Ол жерде А. соққыға жығылған.
Іс материалдары бойынша, полиция қызметкерлерінің әрекеті азаптау қылмысына жатқызылған, себебі шағым иесіне түрлі деңгейдегі дене жарақаты салынған.
Полиция қызметкерлерінің азаптауына тап болған азамат ретінде ол осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан кепілденген қорғаныспен қамтамасыз етілмеген. Және де зала өтемін алмаған.
Талапкер жауапкерден моральдық залал өтемі ретінде 30 млн. теңге өндіруді сұраған.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі