Екі адам көз жұмды
Затобол кентінде екі ер адам ыстан уланып көз жұмған. Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға «Мелиоратор» саяжай қоғамында түс мезгілінде болды.
«Саяжай үйінде қолдан жылытылатын пештің ақауы қайғылы жайтқа себепші. 50 және 71 жастағы екі ер адам ыстан уланып, көз жұмды. Сондай-ақ, 39 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді», – делінеді ведомство хабарламасында.
Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда.