Талап – үштілділік

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ бірлесіп,  «Үштілділік – болашаққа сенімді қадам!»  облыстық  онкүндігі аясында «Үштілдік білім беру: XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру арқылы жаһандық азаматтыққа жақындау» атты ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. DSC_0023Конференцияға академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлвира Мұсабекова және ҚМПУ оқытушылары қатысты.
– "Бүгін біз үш тілді білім беру идеясын іске асыруға қатысушылар болып саналамыз. Оқушыларымыздың беделді республикалық, халықаралық олимпиадалардағы жеңістері, білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу, ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту, ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыру – осының бәрі білім беру процесіне қатысушылардың мақсатты және осы жаңалықтың маңыздылығын түсінетіндігінің куәсі, – деді білім басқармасының әдістемелік кабинетінің басшысы Татьяна Набатников.
Ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға алғашқы қадамдар жасалды. Бұл бағыттағы мұғалімдердің 38,7% (1622-ден 628-і) пәндік-тілдік курстарда оқыған. 66%-да В1 және одан да жоғары деңгейлі сертификаттары бар. Бұл – аталған бағытты іске асыруға қатысатын мұғалімдер мен мектептер санын арттыруға ықпалды жоғары көрсеткіш.DSC_0034Бүгінде облыста 88 пилоттық мектепте 132 мұғалім химия, биология, информатика және физика сабақтарын шет тілінде жүргізеді. 22 мектепте ағылшын тілінде оқытуға толық кірісетін болады. Конференция барысында барлық бағыттар бойынша төрт секция жұмыс істеді. Онда педагогтар пікір алмасып, ынтымақтастық жолдарын белгіледі.
 
    Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓