Газ жарылысынан жапа шекті

Қарасу ауданында газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан шаруа қожалығының жұмысшылары жарақаттанды. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. газОқыс жайт Жанысбай ауылындағы жергілікті шаруа қожалығының қоймасында болған.
«Қоймада газ-ауа қоспасы жарылды, салдарынан үй-жайдың терезелері сынып, жалпы ауданы 10 шаршы метр аумақта жиһаз өртенді. Өрт жұмысшылардың күшімен сөндірілді. 1991 жылы туған азамат екі қолының 1,2 дәрежелі жұмсақ тінінің күйігі мен оң жақ буынының кесілген жарақаты диагнозымен ауруханаға түісті», – делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, күйік шалған 38 жастағы жұмысшы да ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты тексерістер жүріп жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓