Түлікке кесел тиді
Қостанай облысы Қарасу ауданының аумағынан бруцеллезбен ауыратын 392 бас ірі қара табылған. Бұл ретте осы малдың барлығы жергілікті емес, Қостанай облысы аумағындағы жерлерге иелік ететін солтүстікқазақстандық шаруаларға тиесілі. СҚО-нан осы малдарды басқа аумаққа апару фактісі туралы жауапты органдар хабардар етілмеген. Осындай жағдай ветеринариялық қызмет қызметкерлерінің таңданысын туғызды. Сондықтанда олар көрші облыс фермерлеріне қатысты қандай да бір белсенді әрекеттерді қабылдаған жоқ. Салдарынан эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу бойынша жұмысты жандандыруды бастау үшін прокуратура мен облыстық биліктің араласуы талап етілді. Өңір әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовке карантиндік іс-шаралар енгізуді келісуі тиіс барлық меморгандардың іс-қимылын жеделдетуді жеке өз бақылауына алу туралы тапсырма берді. Бұған қоса инфекция жұқтырған малды бақылаусыз көшіруге қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауға шешім шығарылды.
Ағымдағы жылы Қостанай облысында үйдегі малдары «бруцеллез» диагнозына шалдыққан 16 елді мекен анықталды. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбайдың айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін осы ауыл малдарының жартысы сауықтырылатын болады.
Қазақпарат