Жерлесіміз күміс жүлдегер

Дарынды дзюдошы, Батпаққара өңірінің тумасы Ислам Бозбаев Парижде өтіп жатқан «Grand Slam» жарысында күміс жүлдеге ие болды.1549856070_article_b_1500_
Ислам Бозбаев жарыс барысында барлығы 5 кездесу өткізді. Татамиге екінші айланымда шыққан жерлесіміз бірінші Эдуард Триппелді (Германия) иппонмен ұтса, екінші белдесуінде Мокану Юрийден (Молдова) айласын асырды. Одан кейін ширек финалда жапониялық Мукай Шойчиромен белдесіп, иппон ұпайымен уақытынан бұрын таза жеңіп, жартылай финалға жолдамаға қол жеткізді. Ал жартылай финалда Ислам Израиль спортшысы Ли Кохманның жауырынын жер иіскетті. Финалда ол Оңтүстік Корея спортшысы Квак Дон Хванға есе жіберді.
Рейтингтік ұпайды еселеуге мүмкіндік беретін халықаралық бәсекеде екінші көрінудің өзі отандасымыз үшін зор табыс екені сөзсіз.
 
Сурет ғаламтордан алынды

You may also like...

1 Response

  1. Тулеген айтты:

    Алга Костанай Амангелди!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓