Көп балалы анаға үй берілді

Көпшілікке белгілі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен елімізде «Ел үлесі – пәтерге» атты игі бастама қолға алынған еді. Содан бері 134 алтын құрсақты ана мен баспанаға мұқтаж жан үйлі болып, қуанышқа бөленді. Кезекті баспана кілті Аманқарағай ауылының тұрғынына берілді. Бұл туралы ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.IMG-20190923-WA0044
Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай ауылының тұрғыны, алты бала тәрбиелеп отырған аяулы ана Ханымгүл Амантайқызына ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Салтанатты шара Сабыр қажы мешітінің ашылуы барысында іске асты.IMG-20190923-WA0039
Бұл – республика бойынша иесін тауып отырған 135-ші баспана. Көп балалы Ханымгүл ана игі шараға бастама болған Бас мүфтиге және оның жүзеге асуына қолдау берген барша халыққа алғысын білдірді.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓