Парамен күресуші – парақор
Қостанайда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің аса маңызды істер бойынша жедел басқармасының офицері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2019 жылдың 7 ақпанында Қостанай қалалық мамандандырылған тергеу соты Жедел-тергеу тобының басшысы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас тергеушісі Т.Ж.Амантайдың облыстық прокурордың орынбасары К.Мамаевпен келісілген өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті Аса маңызды істер бойынша жедел басқармасы Аса маңызды істер бойынша жедел басқармасының офицеріне қатысты 2 айға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы туралы өтінішін қанағаттандырды», – деп хабарлады облыстық сот.
Бұрынғы офицер ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі, 24-бабы 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке ілінді. Атап айтқан, аса ірі көлемде пара алмақшы болған.