Қызға оқ атқан қылмыскердің суреті жарияланды
Қостанай қаласының полицейлері 14 жасар қыздың көзіне оқ атқан қылмыскердің суретін жариялады. Еске салар болсақ, 5 шілде күні Алтынсарин көшесіндегі, құрылысы аяқталмаған екі қабатты ғимараттың маңында белгісіз біреу бейкүнә қыз балаға қару кезеніп, аяусыз оқ атқаны туралы хабаралаған болатынбыз. Қасақана зиян келтірген қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі таңда ҚР ҚК 106 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні анықтап, оған іздеу салады. Қылмыскер 1998 жылы туған Гаджиев Арзул Сахиб-Оглы есімді Қостанай қаласының тұрғыны. Күдікті туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз мына нөмірлерге хабаралсыңыз: (87142) 55-32-61, 55-69-01, 52-69-22 немесе 102. Облыстық ауруханаға түскен жаралы қызға жергілікті дәрігерлер еш көмек көрсете алмаған болатын. Сол себепті де зардап шеккен азаматша ресейлік мамандардың қарауында.
Жас балаға қару кезенетіндей басына не күн туды екен?
Заман не боп барады? Көшеге шығуға қорқатын болдық қой.