ЖРВИ тұтқынында – 32 мың адам

Қостанай облысында эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері 32 мыңнан астам жедел респираторлық-вирустық инфекциясы (ЖРВИ) тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Орви
Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Гүлім Досымова айтқандай, жыл басынан бері өңірде 31 адам тұмау жұқтырған.
«Қостанай облысында эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері 32294 ЖРВИ тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11,1% – ға төмендеген. ЖРВИ жұқтырғандардың 70,4%-ы 14 жасқа дейінгі балалар екені анықталып отыр»,- деді Г. Досымова. Сонымен қатар, аталған вирусты жұқтырғандардың 189-ы – аяғы ауыр әйелдер.
«Тұмауды анықтау үшін 326 адамға ПЦР әдісімен зерттеу жүргізілді. 61 жағдайда зерттеу оң нәтижесін берді. 48 адамда А (H1N1) тұмауының вирусы, 8 науқаста А (H3N2) типті вирус табылды. Бір науқаста А типтес емес ауру белгісі байқалды және 4 адам В типті тұмауды жұқтырған. Ауырған адамдардың ішінен 15-і – 19 жасқа дейінгі балалар, 42-сі – ересектер, оның ішінде тұмауға қарсы егілмеген жүкті әйелдер де бар»,- деді бөлім басшысы.
Айта кетерлігі, тұмау ауруының барлық жағдайлары Қостанай және Рудный қалаларында тіркелген. Бұған дейін хабарланғандай, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дүкендердегі тауарлардың техникалық регламенттерге сәйкестігіне мониторинг жүргізді.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓