Жұмысы жанданады

      «Нұр Отан» партиясы алдағы 10 жылға жаңа міндеттерді белгіледі. Оларды жүзеге асыруға күш біріктіру керек.  Межелеген мақсаттарды орындауда бастауыш партияның орны ерек.  Қостанайда өткен облыстық конференция қарсаңындағы мәжілісте «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бірінші төрағасы Манарбек Сұлтанғазин осылай айтты. Оның сөзінше, алдағы онжылдықта партияның жұмысы одан әрі жанданып,  ел әлеуетінің артуына өз септігін тигізетін жетекші саяси күш ретінде болуы тиіс.  Ол үшін партияның негізі саналатын бастауыш партия ұйымдары қызметін жаңғырту көзделуде.P1500218
      Қалалық конференцияда Елбасының сарабдал саясаты арқасында соңғы 20 жылда атқарылған жұмыстар жіпке тізілді. Осы уақыт аралығында өмір сапасы артып, ел азаматтарының табысы 19 есе артқан.  Орташа жалақы 13 есеге өсіп,  118 млн шаршы метр тұрғын үй тұрғызылды. Ел бойынша 1 млн-нан астам тұрғын  партияға мүше. 17 аймақтық  247 аудандық филиалдар жұмыс істейді.    
   -Таяу онжылдық біздің партия үшін Отан игілігіне бұдан да белсенді жұмыс істеу кезеңі болмақ.  Біз халық сенімін бағалаймыз және халықтың үміттеріне сай болу үшін барымызды салып жұмыс істейтін боламыз. Жүктелген міндеттер мен тапсырмалар өз мерзімінде әрі сапалы орындалады деп сенім білдіреміз, – деді «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасары Манарбек Сұлтанғазин.P1500260
Жиында сөз алған Қостанай қалалық ТКШ бөлім басшысы Ерлан Оспанов елбасының Қазақстан халқына жолдауын атап өтті. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын жақсарту, жалақы өсімі мен жаңа жұмыс орындарын ашу есебімен қазақстандықтардың табысын арттыру бойынша жасалатын шаралар кешенін тілге тиек етті. «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасына оны 2025 жылға дейін ұзарту және жылына қосымша 30 млрд теңгеден кем емес көлемде қаржыландыру қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу, еркін нарық пен бәсекелестікті дамыту, салықтық рақымшылық, көлеңкелі айналымды қысқарту бизнестің тұрақты өсімінің негізгі факторлары болуы тиіс екенін айтты ол.P1500223
       Сондай-ақ, бөлім басшысы бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру бағытында қолға алынған нақты жұмыстарға жан-жақты тоқталып өтті. Белсенді партия мүшелері мен  бастауыш партия ұйымдарының басшылары да көтерілген мәселеге қатысты өзекті пікірлері мен ұтымды ойларын жеткізді.
Конференция барысында «Нұр Отан» партиясының 2030 жылдарға арналған бағдарламасы да  айтылды. Негізгі басымдықтары түсіндірілді.  Бұл құжат партияның таяу жылдардағы мақсаттарды белгілейді. Кезектен тыс жиында сол сияқты, алдағы облыстық конференцияға қатысатын делегаттардың есімдері де белгілі болды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓