Қаулы толықтырылды

        Қостанай облысының  Бас мемлекеттік  санитарлық дәрігері В. Нечитайло Тобыл өңіріне карантин жариялау жөніндегі №11  қаулысына толықтырулар енгізді: 

         " Мен, Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігер В.С.Нечитайло  «ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1- бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына және 150-бабына сәйкес, облыс халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі-КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қостанай облысы аумағында карантинді енгізу туралы» Қостанай облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 11 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1 тармақтың 2) тармақшасында «(автобус, газель, такси)» «(көлік құралдарының барлық түрлерімен)» сөздеріне ауытыру;

2) 1 тармақтың 4) тармақшасының 4 абзацында «дүкендерде және дәріханаларда тұратын және (немесе) жұмыс орнынан 500 метрден аспайтын радиуста» «тұратын және (немесе) жұмыс орындарынан жақын арадағы дәріханалардан және дүкендерден» сөздеріне ауыстыру; 

3) 1 тармақтың 7) тармақшсында «монша»; сөзін келесі сөздермен толықтыру: «және басқа объектілер, осы Қаулының 1 қосымшасында аталған объектілерді қоспағанда;

4) 1 тармақты 12) және 13) тармақшалармен толықтыру: 

           «12) Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясын, Қазақстан Республикасы Шетел істері министрлігінің шақырумен Қазақстан Республикасына келетін шетел мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегация мүшелерін, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың  дипломатиялық өкілеттіліктің, консулдық мекемелер өкілеттіліктердің қызметкерлерін, және олардың отбасы мұшелерін, авиакомпания ұшқыштарын және лококмотивтік бридаларын, теміржол көлігінде тасымалдаумен айналысатын тұлғаларды және жүктерді халықаралық автомобильді тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан Өзбекстан Республикасынан және ЕАЭО елдерінен өткізу пунктерден теміржол көлігімен және автоөткелдермен келетін тұлғаларды және  қоспағанда, Қазақстан Республикасына шет елдерден келген тұлғаларды COVID-19 зертханалық тексеруді жүргізу үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулау;   

  1. жоққа шығармайтын белгілері бар тұлғалар, карантиндік стационардан тыс, провизорлық стационарға емделуге жатқызылады.

COVID-19 зертханалық тексерудің нәтижесінде сырқаты анықталған тұлғалар инфекциялық стационарға емдеуге ауыстырылады, COVID-19  расталмағандары үйлерінде (үй карантині) 12 тәулікке оқшауланады.  Үйде оқшаулау шарттары болмаса, жергілікті атқару органдарымен айқындалған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады;   

           13) авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелері, темір жол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және шетелден келген жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер қоңырау шалу арқылы (мүмкін болған жағдайда бейне қоңырау шалу) тұратын (болатын) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктері арқылы ЕАЭО мен Өзбекстан Республикасынан теміржол көлігімен және автоөткелдермен келген тұлғаларCOVID-19 зертханалық тексеруге және үйде (үй карантині) өздігінен 14 тәулікке оқшаулануға жатқызылады.

5) 20 тармақтың 10) тармақшасын келесі редакцияда баяндау:

«10) а.ж. 17 сәуірден бастап Қостанай облысының барлық орта білім беру ұйымдарын, техникалық мүмкіндіктері жоқ мектептерді қоспағанда қашықтықта оқытуға көшіру»;

6) 4 тармақтың 2) тармақшасында «Қаулыға»  сөзінен кейін

«,сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының (ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған ұл (қыз), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) жерленген жерге ілесіп жүретін адамдардың, сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін (мәйітін) көму орнына ілесіп жүретін адамдардың;»;

7) 4 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын::

«5) Республикасы азаматтарының және шетелдіктердің (азаматтығы жоқ адамдардың) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі (кіруі/кетуі) төтенше жағдай елінің аумағында қолданылу кезеңінде ҚР Президетні жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы А.У. Маминнің 2020 жылғы 27 наурыздағы № №12-12/11-21  13 т. бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне сәйкес жүзеге асыруға»;

«7) көпшілік отбасылық салтанаттар мен естелік салттарды, оның ішінде үйде, қоғамдық тамақтану объектілерінде және мешіттер жанындағы асханаларда өткізуге тыйым салынады.»;

9) 1-қосымшаның 5-тармағының 4) тармақшасындағы "мейрамханалар/барлар/дәмханалар/асханалар" деген сөздер "қоғамдық тамақтандыру объектілері" деген сөздермен ауыстырылсын»;

10) 1-қосымшаның 5-тармағы мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

«6) автомобильдерге және ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді сату дүкендері;

7) құрылыс материалдарын көтерме сату бойынша сауда объектілері.»

11) 1 – қосымшаның 7 –тармағындағы "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздерден кейін "және жергілікті өкілді органдар мен олардың бөлімшелері, Қазынашылық департаменті, Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті, экология департаменті, Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы (қызметтік және жеке автокөлікпен-қызметтік куәлігін көрсеткен кезде) деген сөздермен толықтырылсын.

2. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 11 сәуірдегі № 8, 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 9 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді" делінген хабарламада.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓