Жанашырлыққа жан риза
Елімізде бастау алған «Қамқорлық» шарасы біздің білім ошағында жалғасын тапты. Шара әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға қол ұшын созуға бағытталған. 10 қаңтардан басталған айлық акция аясында біздің мектебімізде 6 оқушыға материалдық көмек көрсетілді.
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей көп балалы, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы деп есептейміз.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды емес пе. Осы акцияға жылда бір кісідей ат салысып келе жатқан Ақкөл ауылының кәсіпкерлері – А.Ермаған, А.Ерназаров, Ж.Бөрібаев, Е.Бөрібаевтарға, Ақкөл ауылының әкімі Б.Қалиевке және А.Қоңқабаев орта мектебінің директоры М.Қоңқабаевқа ата-аналар мен оқушылардың атынан алғысымыз шексіз.

Ә. ҚҰТТЫБАЙ,
әлеуметтік педагог
Жанкелдин ауданы
Ақкөл ауылы