Психологиялық қолдау орталығы ашылды

Қостанайда елде баламасы жоқ психологиялық және қосымша білім беру өңірлік орталығы ашылды. Облыстық білім басқармасының басшысы Құсайын Кәткенов тілішілерді орталықтың жұмысы барысымен таныстырды.
Аталған жобаның іске асырылуына облыс қазынасынан 54 млн теңге бөлінген. Орталық басшысы Елена Петренконың айтуынша, қосымша білім беруді дамыту бойынша жұмыс бағыттары айқындалған.
IMG_3593
– Басты мақсатымыз – балалар үшін психологиялық көмектің қолжетімділігін, сапасын арттыру, сондай-ақ, психолог мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту. Қазір біз жас өскінге психологиялық кеңес беруден бөлек, әскери-патриоттық, көркем-эстетикалық, әлеуметтік бағыттар бойынша да жұмыс істейміз, – дейді ол.
Орталықтың мамандары әдістемелік кеңес беру, семинар-тренинг, коучингтер өткізеді. Бала мен ата-ананың арасындағы мәселелерді шешу үшін арнайы бөлім де құрылған.
IMG_3660
– Біздің ұжым енді жинақталып жатыр. Психологтар арнайы оқу курстарынан өтеді. Орталыққа тәжірибелі мамандарды шақырттық. Бүгінде суицидпен күрес күн тәртібінен түспей тұр. Былтыр облыс бойынша өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің 50 фактісі тіркелді. Өкінішке қарай, оның 12-сі қайғылы аяқталды. Міне, біздің орталық осы мәселемен күресуді күшейтетін болады, – деді облыстық білім басқармасының психология бөлімінің басшысы Әсем Құлмағамбетова.
IMG_3689
Психологиялық қолдау орталығында тәулік бойы 37-08-58 сенім телефоны жұмыс істейтінін айта кетейік. Онда мамандар балалар мен ата-аналарға кеңес береді.    
 
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓