Мектеп музейі ашылды
Меңдіқара ауданында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Боровской өнер мектебінде музейдің ашылуы өтті, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында ашылған музей шағын болғанымен, жинаған тарихи мәліметтері құнды. Шағын ғана зал – қазақ баспасөзінің қарлығаштары туралы сыр шертеді. Музейде қазір фотосуреттердің өзі мыңнан асып жығылады. Оның ішінде ауданның, ауылдың тарихы толығымен қамтылған.
– Музейдегі экспонаттар тарихтан сыр шертеді. Мұнда әлі жұмыс істеп тұрған Ұлы Отан соғысының ардагері Д. Мұқановқа тиесілі ескі патефон қойылды. Сондай-ақ, өткен ғасырдың ортасында қолданыста болған шойын үтік, балшық құмыра, жез шылапшын, самауыр, ұлттық киім мен зергерлік бұйымдар бар. Тарихи жәдігерлерді жинауға аудан тұрғындары көмек берді,- дейді аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Жанат Тәженова.
Аталмыш музейде тұңғыш қазақ дәрігері Мұхамеджан Қарабаев, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева, Ұлы Отан соғысының батырлары мен интернационалист-жауынгерлері туралы тақырыптық стендтер ілінген. Сонымен қатар Меңдіқара ауданының қалыптасуы мен дамуы туралы архивтік материалдар жинақталған.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев