Бас прокурор басу айтты

Бүгін ҚР бас прокуроры Ж.Асанов кезекті мәрте қазақстандықтарды заңсыз қарсылық акциясының арбауына көніп, жетегіне ермеуге шақырды.
Бас прокурордың ресми хабарламасы бақылау органдарының баспасөз қызметі арқылы таратылды. Асанов өз мәлімдемесінде елдің қоғамдық өмірінде қасақана құйтырқы саясаттандыру жүріп жатқандығын қадап айтты.генпрокурор
"ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы қаулысымен Жер кодексінің жекелеген нормаларын қолдануға мораторий жарияланды. Елбасының тапсырмасымен жер реформасы жөніндегі Комиссия құрылып, оның құрамына азаматтық қоғам институттарының жетекшілері мен белсенділері кірді. Аймақтық деңгейде азаматтар қоғамдық кеңестер арқылы Комиссия жұмысына қатысу мүмкіндігіне ие",-делінген бақылау органы басшысының хабарламасында. 
-Комиссиядағы талқылаулар ашық түрде өтеді, үрдіс үнемі БАҚ-нда көрініс тауып отырады.  Jerturaly.kz деп аталатын арнайы сайт арқылы кез келген адам өздерінің сұрақтарын қойып, тілек-қалаулары мен ұсыныстарын қалдыра алады. Осылайша, жер мәселесіне қатысты қоғамдық, топтық пікірлерді немесе жеке көзқарастарды еркін жеткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Алайда кейбір оқшау тұлғалар осы шарттар мен заңға көзжұмды қарап, бірлескен конструктивті диалогтан қашқақтап, халықты заңсыз қарсылық акциясына арандатуларын жалғастыруда. 
Олардың ұйымдастырылымдарының және нақта өткізілу мерзімі тәртібі орнықтырылмаған. Қасақана кері саясаттандыру және әлеуметтік, ұлттық араздықты өршелендіруге бағытталған жалған ақпарат тарату белсенді жүруде. Бұл әрекеттер ҚР заңына әлбетте қайшы. Осыған байланысты барлық азаматты мұндай арандатушылыққа бой алдырмауға, тұрақтылықты сақтап қалу жолында азаматтық бекем ұстаным танытуға, қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қаскөйлік астары бар акцияға үзілді-кесілді қарсылық танытуға шақырамын!
"Прокуратура туралы" Заңның 25-2 бабын басшылыққа ала отыра, еліртпе ереуілді, яғни заңсыз митинг ұйымдастыру, сондай-ақ оған қатысудың өзі әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертемін. Құқық қорғау органдары  кез келген ережебұзушылықтың жолын кес-кестеуге міндетті және ондай жағдайда заңмен қарастырылған тәртіптер бойынша қылмыстық тергеуге дейінгі шараларды шұғыл түрде қабылдауы тиіс",-деді бас прокурор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓