Қызылша қаупі артты

Қостанай облысында қызылшаға шалдыққандар саны көбеюде. Бұл туралы alau.kz хабарлайды. cyzylsha-900x_Ресми деректер бойынша, жыл басынан бері аймақта 23 жағдай тіркелген. Атап айтқанда, Қостанай қаласы, Қостанай, Денисов және Жітіқара аудандарында қызылша жұқтырғандар анықталған. Бұған дейін белгілі болғандай, науқастардың алтауы дертке шалдықпай тұрып Астана және Ақтөбе қалаларында болған. Қазір ауру ошақтарында байланыстағы адамдардың ахуалы жіті бақылауға алынып отыр, олардың саны 300-ге жуықтайды. 
"Ауру жұқтырған балалардың басым көпшілігі 1 жаста, яғни 14-і тіркеуге алынып отыр. Ең кішкентайының науқастанғанына 27 күн болды. Ересектерден 6 адам ауырды. Бұлардың 65%-і егілмеген, қалған бес жағдай туралы мәліметтер жоқ. Үшеуі екі кезеңді екпе қабылдаған", – деп ақпарат берген Қостанай облысы бойынша қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті бөлімінің жетекшісі Гүлім Досымова.
Ақ халаттылар қызылшаның алдын алу мақсатында ата-ана чаттарын ұйымдастырып, 26 53 83 нөмірі бойынша колл-орталықты іске қосты. Бұған қоса, оғамдық денсаулықты қорғау департаменті атап өткендей, бұған дейін екпеден бас тартқандар қазіргі таңда өз еріктерімен егілуге тілек білдіріп жатқан көрінеді. Өткен жылы аймақта 255 адам қызылшаға қарсы екпеден бас тартқан екен. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓